Қоғам

Коронавирус өршісе, қалалар карантинге жабыла ма – министрлік жауабы

© Sputnik / Елена БережнаяВрач на карантинном блокпосте держит термометр
Врач на карантинном блокпосте держит термометр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Байтанаев 8 наурызда халық карантин талаптарын елемегендіктен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет өршігенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Егер елде індет ушықса, қалаларды карантинге жабу мәселесі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады. Әзірге локдаун туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз мәслихатында журналист вирус күшейсе, қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе деп сұрады.

"Егер жағдай ушықса, онда бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады және шешімді солар шығарады. Қазір бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Бәрі азаматтардың өз қолында", - деді Байтанаев.

Ол 8 наурызда халық карантин талаптарын елемегендіктен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет өршігенін айтты.

Байтанаев елордада 18 наурыздан карантин күшейетінін және 21 наурыздан бастап әр жексенбі сайын толық локдаун енгізілетінін еске салды.

"Бұл қанша уақытқа созылады деген сұраққа жауап берсек, бәрі біздің азаматтарымыздың қолында. Алда Наурыз мейрамы келе жатыр, бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды дұрыс орындап, ара қашықтықты сақтап, маска тағып, антисептик пайдаланып, бұқаралық шараларға бармасақ, бұл локдауннан жылдам және оңай шығамыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамына қатысты мәлімдеме жасады

 

Жаңалықтар
0