11:06 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2452 0 0

Іскерлік кездесу кезінде телефонды қалтаға немесе сөмкеге салып қойған дұрыс. Сол арқылы кездесудің өзіңіз үшін маңызды екенін, бар назарыңызды салып отырғаныңызды көрсетесіз

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Іскерлік қарым-қатынас этикасына сәйкес, кездесулер мен келіссөздер кезінде серіктестер үстелге телефонын қоймайды, басқа қоңырауларға алаңдамайды. Бұл туралы B&C Agency байланыс агенттігінің басқарушы серіктесі Марк Шерман "Прайм" агенттігіне айтты.

"Сонымен қатар телефонды үнемі тексеріп отырмау үшін және екінші адам әріптесі асығыс немесе басқа іспен айналысып отыр деп ойламауы үшін сағатқа хабарлама мен қоңыраулар түсіп отыратындай етіп қойған жөн", - деді сарапшы.

Оның сөзінше, іскерлік кездесу кезінде телефонды қалтаға немесе сөмкеге салып қойған дұрыс. Сол арқылы кездесудің өзіңіз үшін маңызды екенін, бар назарыңызды салып отырғаныңызды көрсетесіз.

Сондай-ақ, кездесу барысында телефон қолдану кей жағдайда кездесу үшін пайдалы болуы мүмкін.

"Егер әңгімелесуші клиентіңіз болуға ниеттеніп отырса, бұл жағдайда сіздің басқа да сатып алушыларыңыз бар екенін, соларға жауап беріп отырғаныңызды байқайды. Дәл солай өз ісі де сұранысқа ие болатынын түсінеді", – деді Шерман.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар телефонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берді. Керісінше ұйықтар алдында біраз уақыт бұрын қуаттап, энергияны үнемдеу режимін қосып қоюды ұсынды.

Тақырып бойынша

Сарапшы қандай жағдайда смартфоннан деректер ұрлану қаупі жоғары екенін айтты
WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемейді
Смартфонда жасалған барлық әрекетті қалай көруге болады – маман кеңесі
Смартфон баланың дамуын тежейді – не істеу керек
Маман телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады
Кілт сөздер:
кездесу, телефон
Загрузка...

Басты тақырып