НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология мен микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцина салғызған адам коронавирус таратушысы бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Егер адамның ағзасында антиденелердің титрі жоғары болса, онда ол вирусты тарата алмайды. Ал антиденелердің саны төмендеген жағдайда адам белгілі бір уақыт аралығында осы қоздырғыштың – таратушысы болады", – деді Гинцбург Sputnik Қазақстанның халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен брифингте.
Сол себепті вакциянация кезінде жеке қорғаныш құралдарын міндетті түрде қолдану қажет. Әсіресе, вакцина алмаған адамдар бетперде мен қолғап киіп жүруі керек.
Осы орайда академик түберкүлезбен ауыратын адамдарға вакцина салу мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, аурудың қабынуы болмаса, екпе салғызуға рұқсат бар.
"Сондықтан вакцинаны міндетті түрде салғызу керек. Әрине, түберкүлездің қабыну фазасы болмаса, екпе салу жағынан ешқандай шектеу жоқ. Ал туберкүлездің созылмалы фазасында міндетті түрде вакцина алу қажет", – деп атап көрсетті Гинцбург.
Оқи отырыңыз: Мүфтият ораза кезінде вакцина салуға қатысты түсініктеме берді
Орталық директорының сөзіне қарағанда, екінші жартыжылдықта Гамалея орталығында жасалған "Спутник V" вакцинасын ВИЧ-пен ауыратын адамдарға салып, сынақтан өткізу жоспарланып отыр.