10:01 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан - 2021 (23)
3379 0 0

Қазір ислам ғалымдарының көбісі екпе арқылы денеге салынатын дәрі-дәрмекке ем және адам ағзасына қажетті энергия ретінде қарайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ораза кезінде вакцина салдыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәуірде қасиетті Рамазан айы басталады. Сол кезде коронавирусқа қарсы "QazCovid-in" атты қазақстандық вакцина да шығады. Ал ораза ұстағысы келетін мұсылмандар қауіпті вирустан да қорғануды қалайды. "Ауыз бекіткеннен кейін вакцина салдыруға бола ма? Ал, ең бастысы, екпе оразаны бұзбай ма?" деген сауал туындайды.

Мүфтияттың шариғат пен пәтуа бөлімнің маманы Хасан Аманқұлдың айтуынша, адам ағзасына ауыз, мұрын, ішек сияқты табиғи жолмен түскен нәрсе оразаны бұзады. Ал екпе бұлшықетке салынады. Сондықтан оразаны бұзбайды.

"Дене арқылы кірген нәрсе, мысалы, коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды", - деді Аманқұл Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, қазір ислам ғалымдарының көбісі екпе арқылы денеге салынатын дәрі-дәрмекке ем және адам ағзасына қажетті энергия ретінде қарайды. Ал көктамырға салынатын екпеге қатысты ортақ бір шешім жоқ.

"Егер екпе терінің астына бұлшықетке салынса, ораза бұзылмайды. Жалпы, пенициллин, инсулин, вакцина, ауырсыну мен қызуды басатын дәрілер сияқты ауруды емдеуге және алдын алуға арналған препараттар мен дәрумендер қолданылған жағдайда ораза бұзылмайды", - деп атап көрсетті Аманқұл.

Айта кетейік, 14 сәуірде қасиетті Рамазан айы басталады. Қадір түні 10 мамырға қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт 13 мамырда өтеді.

1 ақпанда республика бойынша коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталған болатын. Қазіргі кезде ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынып жатыр. Жылдың соңына дейін 6 миллион адам екпе қабылдайды деген жоспар бар.

Вакцина инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасы шығарылады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, вакцинация басталғалы 76 мың адам ресейлік вакцинаның алғашқы компонентін салдырды. Сәуір айында созылмалы ауруы бар адамдар мен 65 жастан асқандарға екпе салу жоспарланып отыр.

Тақырып:
Рамазан - 2021 (23)

Тақырып бойынша

Алексей Цой коронавирусқа қатысты болжамды бөлісті
Төрт өңірдің әкімдері шұғыл шара қабылдауы тиіс – Цой
Қатерлі дертке шалдыққандарға вакцина салуға бола ма – академик жауап берді
Министр сәуірде кімдерге вакцина егілетінін айтты
"Вирусты әлі жеңген жоқпыз". Цой қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина, ораза, мүфтият
Загрузка...

Басты тақырып