Қоғам

Иммунолог коронавирусқа қарсы антиденелер жайлы өтіріктің бетін ашты

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDСотрудник лаборатории ставит в держатель пробирки с образцами анализов на коронавирус
Сотрудник лаборатории ставит в держатель пробирки с образцами анализов на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Антиденелердің бар-жоғын анықтайтын тесті вакциналау алдында өткізу керек. Сондай-ақ түрлі тест-жүйелердің ерекшеліктерін де ескеру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Иммунолог дәрігер, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов Sputnik радиосына берген сұқбатында SARS-CoV-2 коронавирусына қатысты антиденелердің бар-жоғын анықтайтын талдауды қашан жүргізу керек екенін және мұның қандай жағдайда маңызы болмайтынын айтып берді.

Ол ағзаның инфекциядан қорғану деңгейі антиденелермен өлшенбейтінін айтып, иммундық жүйе ара қатынасы әр адамда әртүрлі болатын мыңдаған компоненттен тұратынын ескертті.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина кейбір адамдарға көмектеспейді – вирусолог түсініктеме берді 

Маманның пікірінше, вакциналаудан кейін немесе коронавируспен ауырып жазылыпғаннан кейін SARS-CoV-2 вирусына қарсы ағзада түзілетін антиденелер саны адамның қорғаныс деңгейін бағалауда еш рөл ойнамайды.

Иммунолог дәрігер екпе салғаннан кейін антиденелер санын өлшеудің мәні жоқ екенін айтты.

"Вакциналаудан кейін антиденелер титрін тексерудің мәні жоқ. Бәрібір оның еш әсері болмайды. Қалай болғанда да иммундық ықпал бар, қорғаныс бар, оны күшейту мүмкін емес", - деп санайды ол.

Иммунолог уақыт өте келе антиденелер түзілу қысқаратынын, бірақ бұл ағза қорғаныссыз қалады деген сөз емес екенін айтты.

"Егер вируспен байланыс болмаса, ағзада вирус жоқ болса, антиденелер түзу қысқарады. Ағзаның құрылысы осылай. Біз жанасатын микробтарға қатысты барлық антиденелер үнемі жоғары титрда болуы мүмкін емес. Алайда жасушалар жадысы деген дүние бар. Яғни, олар вируспен кезекті рет байланысқа түскенде іске қосылады. Сондықтан дәл осы белсенді иммундық жүйе вирустардың көзін жояды", - деп түсіндірді ол.

Жемчугов антиденелер санын вакциналау алдында тексерген дұрыс болатынын айтты.

"Егер адам ауырып жазылған болса, яғни, оның ағзасында антиденелер бар болса және адам өз ағзасындағы антиденелерді аз деп санаса, онда бір рет қана вакцина салуға болады. Егер адам шамамен бір жыл бұрын ауру жұқтырған болса, жасуша жадысын іске қосу үшін бір вакцина салдыру жеткілікті болады. Егер шамамен жарты жыл бұрын вирус жұқтырып, ауырып тұрған болса, онда екпе қажет емес", - деп санайды Владислав Жемчугов.

Жаңалықтар
0