Қоғам

Қазақстандық психологтар педофилдердің ұқсас белгілерін анықтады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуКісенделген күдікті, архивтегі сурет
Кісенделген күдікті, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Психологтар балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін сотталғандардың биологиялық және биографиялық мәліметтерін салыстырып, бірқатар сәйкестіктерді анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің психолог мамандары педофилдерге тән белгілердің біршама ұқсастығын айқындауға тырысты, деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысындағы түрмелерде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен екі жүзге жуық азамат жазасын өтеп жатыр.

Педофилдің белгілерін анықтау үшін психологтар сотталғандармен сұқбаттасып, олардың өмірбаянымен танысты және түрлі зерттеу жүргізді.

Сонымен, педофилия үшін сотталғандардың негізгі белгілері:

  • орташа жасы – 32,5 жас (ең жас сотталған азаматтың жасы 17-де, ал ең ересегі 59-да);
  • көбісінің өз балалары бар;
  • 75%-і бұрын сотты болмаған;
  • толық отбасында өскен;
  • отбасында жалғыз бала болған;
  • жұмысшы мамандығына оқыған;
  • зиянды әдеттері бар;
  • заңды некеге тұрмаған;
  • флегматиктер немесе меланхоликтер;
  • астениктер (бойы ұзын және арық);
  • бала кезінде психологиялық зақым келген.

Сонымен қатар мынандай заңдылықты анықтау мүмкін болды: кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көп жағдайда сәуір және мамыр айында, өте сирек жағдайда ақпан айында жасалады.

Оқи отырыңыз: "Кастрация жасалғанда қатты қиналдым": педофил журналистермен сөйлесті

Жаңалықтар
0