07:14 21 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
848201

Сотталушы балалы болғысы келетінін айтып, кастрацияны тоқтатуды өтінді. Инъекциядан кейін денеңнің ауыратыны соншалық, жүруің қиындайды, дейді ол

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған екі адамға химиялық кастрация жасалды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Ер адамдар қатаң режимдегі ИЧ 167/9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр, бірі 15, екіншісі 16 жылға бас бостандығынан айырылған, сонымен қатар сотталушыларға тағы бір жаза – химиялық кастрация қолданылды.

Қылмыскерлердің бірі журналистермен сөйлесуге келісті. Ол 120-бап "Кәмелетке толмаған баланы ​​зорлау" бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеге түскен. Жігітке егу әдісімен химиялық кастрация жасалыпты.

"Не дейін, қатты қиналдым, мұндайды жауыма да тілемес едім. Барлығынан кастрацияны тоқтатуды өтініп сұраймын, үйіме оралып, отбасын құрып, балалы болғым келеді. Оны тоқтатуды өтінемін! Инъекциядан кейін денеңнің ауыратыны соншалық, жүруің қиындайды, жалпы қорқынышты", - дейді сотталушы.  

Процедура бір реттік емес, препарат адам ағзасына оқтын-оқтын егіледі.

Қазақстанда химиялық кастрация туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Процедура сотталушыларға кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағаны үшін тағайындалады.

"Мұнда аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді. 78 адам кәмелетке толмағандарды зәбірлегені үшін отыр, оның екеуіне сот химиялық кастрация жазасын тағайындады", - дейді ИЧ 167/9 басшысының орынбасары Кахраман Әбубәкіров.

Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды 

Сот химиялық кастрация жасау жазасын Кастрация туралы заң күшіне енгеннен кейін қылмыс жасаған адамдарға ғана тағайындайды.

Әдетте препарат әр үш айда бір егілуі керек. Егер процедура тоқтатылса, еркектік қуат қалпына келеді. Бұл дегеніміз, педофил балаларға қайта тиісе бастауы мүмкін.   

Тақырып бойынша

Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
Қазақстанда алғаш рет педофил химиялық жолмен піштіріледі
Шымкенттік педофилге неге xимиялық кастрация жасалмай қалғаны белгілі болды
Өлім жазасын қандай қылмыстар үшін қалдыруы мүмкін?
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, педофил
Загрузка...

Басты тақырып