Қоғам

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда тіркелгені туралы ақпарат шықты

© REUTERS / AGUSTIN MARCARIANПоставка доз вакцины Sputnik V (Gam-COVID-Vac) против коронавирусной болезни (COVID-19)
Поставка доз вакцины Sputnik V (Gam-COVID-Vac) против коронавирусной болезни (COVID-19) - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдаған 27-ші мемлекет болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан коронавирусқа қарсы "Спутник V" ресейлік вакцинасын тіркеуді мақұлдады. Бұл туралы "Спутник V" вакцинасын әзірлеуші Twitter-де хабарлады.

​Ақпаратта Қазақстан бұл вакцинаны тіркеген әлемдегі 27-ші мемлекет болғаны аталып өткен.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Қазақстан тілшісіне тіркеу рәсімі әлі аяқталмағанын хабарлады.

"Спутник V" –  әлемдегі алғаш тіркелген вакцина. Ол – тиімділігі 90% -тен асатын әлемдегі үш вакцинаның бірі. Вакцинаның тиімділігі 91,6% көрсетті, бұл мәлімет 19 866 еріктіге сынақ жүргізілгеннен кейін алынды.

Министр Цой отандық вакцина туралы: үлкен сенім артып отырмыз

Бұған дейін Ресейде шығарылған "Спутник V" вакцинасының 22 мың дозасы Қазақстанға жеткізілді.

1 ақпанда ресейлік "Спутник V-мен" вакциналау басталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды ​​фармацевтика кешені базасында өндірілетін "Спутник V" вакцинасын тіркеу жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Қазақстанда, Қарағанды фармацевтика зауыты алаңында шығарылатын "Спутник V" вакцинасын тіркеу процедурасы өтіп жатыр, өтінім берілді. Осы вакцинаға уақытша тіркеу туралы куәлік ақпан айының соңында беріледі", - деді Алексей Цой.

Ол вакцина шамамен 15-25 ақпан аралығында тіркеледі деп жоспарланып отырғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0