Қоғам

Енді кейбір мекемелерге бұрынғыдай емін-еркін кіре алмайсыз: не істеу керек?

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт, иллюстративное фото
Лифт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Қазақстандықтар Spa, фитнес орталық, кинотеатр сияқты бірқатар мекемеге QR-код арқылы кіргізіледі, деп хабарлады цифрлық даму министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтар коронавирусқа байланысты қызыл, сары, көк және жасыл түстерге "бөлініп", кейбір мекемелерге QR-код арқылы кіргізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Цифрлық даму министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау мақсатында "Ashyq" қосымшасын әзірледі.

"Пилоттық жоба карантин кезеңінде қызметі шектелген бизнес өкілдері арасында өткізілуде. Мысалы, spa, фитнес орталықтар, кинотеатрлар. Енді осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Ал бағдарлама қызыл, сары, көк және жасыл түстермен тәуекел дәрежесін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Қызыл түс қозғалысты шектеуді, амбулаторлық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшауланудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген: пациентке тұратын жерінен 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға ғана рұқсат етіледі.

Көк түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда (мысалы, әуежайда), жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз.

Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеу жоқ екенін білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер базасында ПТР-тестілеуден өткен, COVID-19 теріс нәтижесі бар адам ретінде көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлерінің вакцинадан не себепті бас тартқаны белгілі болды 

"Адамдарды түстерге бөліп көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және клиенттерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Егер мекемеге келген адамда смартфон болмаса, қосымшада қызметкерлерге арналған функция бар, олар келген адамның мәртебесін ЖСН немесе жеке куәліктегі штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады",- деп түсіндірді ведомство.

Пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетсе, онда "Ashyq" мобильді қосымшасы басқа қоғамдық орындарға – сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, вокзалдар, әуежайларға кіру кезінде қолданылуы мүмкін.

"Ashyq" мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.

 

Жаңалықтар
0