Қоғам

Елордалық екі тұрғын көлікті эвакуатормен ұрлаған – видео

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАвтокөлікті эвакуациялау, архивтегі сурет
Автокөлікті эвакуациялау, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрылардың айтуымен, эвакуатор иесі 10 мың теңгеге көлікті басқа бір тұрғын үйдің ауласына апарып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Астаналық полицейлер эвакуатормен көлік ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, полицияға хабарласқан ер адам қалада үш күн болмағанын айтты. Осы уақыттың ішінде белгісіз біреулер үйдің ауласында тұрған "Hyundai Accent " маркалы көлігін ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында 34 және 29 жастағы екі ер адам ұсталды.

"Күдіктілер үстіндегі қары тазаланбаған көлікті көріп, оны айдап әкетуге шешім қабылдапты. Олар алдымен хабарландыру сайты арқылы көліктің есігін ашатын адамды шақырған. Сосын ұрының бірі оған көлік иесі екенін сендіріп, бір кілт жасатып алады. Осыдан кейін кешкі уақытта эвакуатор шақыртып, жеңіл көлікті ұрлап кеткен", – дейді құқық қорғаушылар.

Ұрылар эвакуаторды да хабарландыру арқылы тапқан. Ол 10 мың теңгеге көлікті ұрының біреуі тұратын тұрғын үйдің ауласына апарып қойған.

Оқи отырыңыз: Ұрлау оңай болған – Қожамжаров "Бәйтеректегі" жемқорлық дауы туралы

Қазіргі кезде уақытша ұстау изоляторына тоғытылған күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0