Қоғам

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ауа райының нашарлағанын ескертіп, жолдардың жабылғаны туралы хабарламаларға назар аударуды сұрады.  

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райы нашарлайды.

"ІІМ аталған өңірлердің тұрғындарын ұзақ сапардан аулақ болуға шақырады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтау керектігін ескертеді", - деп жазды Polisia.kz.

Екі күннің ішінде (10-11 қаңтар) ел жолдарында 35 жол апаты тіркеліп, жеті адам қаза тапты, 50 адам түрлі жарақат алды. Полиция 30-дан астам көлікті қар құрсауынан шығарды.

Қазақстанға аяз қайта оралады: үш күнге болжам жасалды

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше облыста бұрқасын соғып, жолдар жабылды. Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы жолда бірден алты көлік соқтығысты.

Жаңалықтар
0