Қоғам

Қазақстанға аяз қайта оралады: үш күнге болжам жасалды  

© Sputnik / Абзал КалиевСиница на заиндевелых веточках березы
Синица на заиндевелых веточках березы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 қаңтарда солтүстікте жаяу бұрқасын соғады, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады

АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. 12-14 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, ауа райы құбылып, температура төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.

Болжамға сәйкес, 12 қаңтарда солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, қар жауса, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.

14 қаңтарда ауа райы ашылып, температура төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста көктайғақ болып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады  

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар жауады, ауа температурасы күндіз -8...-10°C болады, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.

Алматыда 13 желтоқсанда қар жауады, ауа температурасы 0...+2°C, түнде -4...-6°C болады.

Шымкентте 12-13 желтоқсанда күн бұлтты болады, қар аралас жаңбыр жауады.

Жаңалықтар
0