Қоғам

Қазнетте зейнетақы екі есеге өседі деген ақпарат тарады

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, ақша, тиын
Теңге, ақша, тиын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері өскені рас, бірақ елу пайызға емес. Желіде тараған ақпарат – жалған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазнетте 2021 жылы зейнетақы мөлшері екі есеге өседі деген жаңалық тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Сайттың мәліметінше, биыл Қазақстанда зейнетақы шынымен өсті, бірақ 50%-ке емес.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қаңтардан жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7%-ке, базалық зейнетақы 5%-ке ұлғаятынын хабарлаған еді.

Осылайша, жасына байланысты және еңбек жылдары үшін төленетін зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңгені құрады. Ал базалық зейнетақы 5%-ке артып, ең төменгі мөлшері 18 524 теңгеге жетті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша болады – министрлік ақпарат жариялады

Нәтижесінде базалық зейнетақыны ескеріп, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды.

Барлығы 2,2 миллион адамның зейнетақысы өседі.

Құзырлы органдар қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Жаңалықтар
0