Қоғам

Мәжіліс сайлауының қорытынды нәтижесі жарияланды

Подсчет бюллетеней по итогам голосования
Подсчет бюллетеней по итогам голосования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, үш партия – Nur Otan, Ақ жол және Қазақстан халық партиясы 7 проценттік межеден асты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттарын партиялық тізіммен сайлаудың соңғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ОСК-ның мәліметіне сәйкес, үш партия 7 проценттік межеден асты.

  • Nur Otan – 71,09%;
  • Ақ жол –10,95%;
  • Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
  • Ауыл – 5,29%;
  • Адал – 3,57%.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

10 қаңтарда қазақстандықтар мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен таңдады. Халық бес партияға дауыс берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихаттар (596) және 163 аудандық мәслихаттар (2 091 мандат) бар.

Ал мәжіліске 107 депутат сайланады. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізіммен өтсе, тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліске келеді. Олар:

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тоқтасынов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.
Жаңалықтар
0