23:28 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Мәжіліс сайлауы (157)
334201

12 қаңтарда Асқар Маминнің басшылығымен үкімет отырысы өтеді, бұл қазіргі министрлер кабинетінің соңғы отырысы болатын тәрізді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтатылады. Бұл – заңның талабы.

Жексенбі, 10 қаңтар күні Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша парламентке үш партия өтіп отыр:

  • "Nur Otan" партиясы –71,09 %;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 %;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) –9,10 %.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы мен "Адал" саяси партиясы жеті проценттік шекті бағындыра алмады.

Айта кетсек, қазіргі премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan-ның атынан ұсынылған мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізіміне енген болатын. Партиялық тізімде 126 адам бар.

"Қазақстан Республикасының үкімет туралы" конституциялық заңға сәйкес, үкімет парламент мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған мәжілістің алдында өз өкiлеттiгiн доғарады. Премьер-министр мен министрлер үкiметтің жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн өз мiндетін атқара бередi.

"Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барамын. Фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын", - деді Тоқаев 10 қаңтарда журналистерге берген брифингте.

Премьер-министр тағайындалғаннан кейiн он күннің ішінде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды президенттің қарауына енгiзедi. Бұдан бөлек, ол үкімет мүшелігіне үміткер әрбір адамның кандидатурасын мәжілістің талқылауына шығарады. Бірақ олардың қатарына сыртқы істер, қорғаныс пен ішкі істер министрлері кірмейді.

Маминнің үкіметі: қызықты деректер

Асқар Мамин премьер-министрлікке 2019 жылы тағайындалды. Ақпан айында екі жыл болады. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев үкіметінің құрамында премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Бақытжан Сағынтаев үкіметті екі жарым жылдай басқарды. Бірақ сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетін сынға алып, экономиканы көтере алмағаны үшін отставкаға жіберді. Артынан ол мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды.

Жаңа үкіметті бекіткеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі отставкаға кетті. Ал оның орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің құрамын сақтап қалды. Бірақ өткен жылы жазда коронавирус пандемиясы өршіп кеткенде министрлерді отставкаға жіберіп қоя жаздаған. Себебі бірінші басшылар өз міндеттерін дұрыс атқармады. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныстың болғанын ашық айтты.

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлер мен ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ, маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ жұрт алдында ұпай жинағым келмейді. Бұған жасым да, лауазымым да сай емес", - деген еді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Министрлер кабинетінің қазіргі құрамы:

Қазақстан үкіметі
© Sputnik
Қазақстан үкіметі

Айта кетейік, үкіметтің құрамында 18 министр бар. Олардың екеуі әйел - мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Ал ең жас басшы - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жаста). Егде жастағы министр - ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста). Қазақстандық министрлердің орташа жасы – 49,7. Үкімет басшысы Асқар Маминнің өзі 55 жаста.

Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (157)
Кілт сөздер:
отставка, үкімет
Загрузка...

Басты тақырып