Қоғам

Бюллетенді басқаға толтыртуға болады – оған қай кезде рұқсат етіледі

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы, голосование, иллюстративное фото
Выборы, голосование, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлауда дауыс беру учаскелері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барынша қолжетімді әрі ыңғайлы болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар дауыс беру құқығын пайдалана алады. Арбаға таңылғандар, көзі нашар көретіндер және өз бетінше жүріп-тұра алмайтын азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қандай жағдай жасалып жатқаны туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Сайлау туралы заңға сәйкес, дауыс беру учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болуы керек. Сондықтан учаске орналасқан ғимаратқа кіреберісте пандустар, тұтқалар, төсеніштер қарастырылуға тиіс.  

Избирательный участок № 111 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сайлау комиссияларының 1,5 мыңға жуық мүшесі жұмыстан шеттетілді
Сонымен бірге, дауыс беруге арналған орын ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасуы немесе азаматтарды басқа қабаттарға жеткізетін көтеру механизмдері болуы керек.

Дауыс беру кабиналары тактильдік белгілермен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасырын дауыс беру үшін бөлек үй-жайлармен қамтамасыз етіледі.

Заң жергілікті атқарушы органдар мүгедектер үшін арнайы сайлау учаскелерін қамдап беруін де қарастырады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, егер мүмкіндігі шектеулі азаматтар бюллетенді алу кезінде қол қоя алмаса және оны толтыру мүмкіндігі болмаса, онда басқа дауыс берушіден көмек сұрауға құқылы. Тек басқа тұлғаның көмегіне жүгінетіні туралы учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін ауызша хабардар етуі керек. Бұл жағдайда дауыс берушілер тізімінің кестесінде сайлаушыға көмектескен азаматтың аты-жөні, оның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні жазылады. 

Оқи отырыңыз: ОСК кейбір белсенділердің әрекетін "саяси троллинг" деп атады 

Алайда сайлау комиссиясының мүшесі, саяси партиялардың сенімді өкілдері, бақылаушылар мен журналистер көмекші ретінде қызмет көрсете алмайды.

Сонымен қатар, заң әкімдіктердің мүгедектер үшін көлік құралдарына арналған тұрақ, есіктің кең болуы, лифтілер, тактильдік нұсқау белгілері, жасырын дауыс беруге арналған арнайы құралдар секілді қолайлы жағдайды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Выборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сайлау алдындағы үгіт науқаны: қанша адам жауапқа тартылды
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін сайлау учаскелерінде мүгедектер арбасының кіруі және шығуына ыңғайлы жасырын дауыс беру кабиналары қарастырылады.

Көзі нашар көретін азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қосымша жарық көздері, оптикалық көмекші құралдар (ұлғайтқыштар мен лупалар) және аудиоформаттағы жадынамалар орнатылады. Сондай-ақ, бұл азаматтар трафареттердің көмегі арқылы дауыс бере алады.

Ал сайлау учаскесіне өз бетінше жете алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде дауыс бере алады. Ол үшін еркін үлгіде өтініш жазып, ол құжатты жергілікті уақыт бойынша сайлау күніне он екі сағат қалғанға дейін учаскелік сайлау комиссиясына тапсыру керек. Заңға сәйкес, мұндай өтінішті өкілетті тұлға арқылы жолдауға болады.

Жаңалықтар
0