Қоғам

Сайлау алдындағы үгіт науқаны: қанша адам жауапқа тартылды

© Sputnik / Владислав ВодневВыборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане
Выборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-та қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзудың бір фактісі, екі үгіт материалын бүлдіру және 10 заңсыз үгіт тіркелді, 13 адам жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Spunik. Қазақстан бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев сайлау алдындағы үгіт науқаны кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталғанын және қанша адам жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Spunik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, үгіт науқаны кезінде айтарлықтай әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыс анықталған жоқ. Алайда бірде-бір заң бұзушылық тіркелмеді деп те айтуға болмайды.

"Мәселен, БАҚ-та қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзудың бір фактісі, екі үгіт материалын бүлдіру және 10 заңсыз үгіт тіркелді. Барлық факті бойынша прокуратура органдары әкімшілік өндіріс қозғады, 13 адам жауапқа тартылды. Олардың 8-іне жекелеген партиялар үшін анонимді үгіт материалдарын дайындап, таратқаны үшін 25 АЕК-тен айыппұл салынды", - деді Дембаев орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларында екі тұрғын үгіт материалдарын бүлдіргені үшін 15 АЕК айыппұл арқалады.

Мысалы, 11 желтоқсанда елордада вокзал маңында бір азамат "Ауыл" партиясының үгіт парағын ілініп тұрған жерінен жұлып алған. Құқықбұзушылық жасау кезінде ол мас болыпты. Нұр-Сұлтан тұрғыны бұл әрекеті үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: ШЫҰ бақылаушылары Қазақстандағы сайлауға мониторинг жүргізеді 

Бұдан бөлек, Семейде "Ақ жол" партиясының келісімінсіз үндеу парақтарын тарату қызметін көрсеткені үшін екі адамға айыппұл салынды.

Ал Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желіде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізген. Алайда заң бойынша сауалнаманы бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жүргізе алады. Азамат 15 АЕК айыппұл төледі.

Жаңалықтар
0