НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте ПТР тест арқылы 726 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өткен тәулікте өңірлерде науқастар санына қатысты өзгерістер болды: егер бірнеше күн қатарынан 100-ден астам науқас анықталған Атырау облысы бірінші орында тұрса, енді Нұр-Сұлтан бірінші орынға шықты, мұнда бір күн бұрын 70 науқас тіркелген болатын, ал бүгін олардың саны жүзден асты.
Атырау облысында жаңа науқастардың саны азайды (124-тен 60-қа дейін).
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 107,
- Алматы қаласы - 81,
- Шымкент қаласы – 6,
- Ақмола облысы – 54,
- Ақтөбе облысы – 5,
- Алматы облысы – 61,
- Атырау облысы – 60,
- Шығыс Қазақстан облысы – 48,
- Жамбыл облысы – 15,
- Батыс Қазақстан облысы – 43,
- Қарағанды облысы – 40,
- Қостанай облысы – 60,
- Қызылорда облысы – 3,
- Маңғыстау облысы – 11,
- Павлодар облысы – 65,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 58,
- Түркістан облысы – 9.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 153 925.