Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті – соңғы мәлімет

Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласы Атырау облысын антирейтингідегі бірінші орыннан ығыстырып, науқастардың саны жағынан көш бастады  

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте ПТР тест арқылы 726 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өткен тәулікте өңірлерде науқастар санына қатысты өзгерістер болды: егер бірнеше күн қатарынан 100-ден астам науқас анықталған Атырау облысы бірінші орында тұрса, енді Нұр-Сұлтан бірінші орынға шықты, мұнда бір күн бұрын 70 науқас тіркелген болатын, ал бүгін олардың саны жүзден асты.

Атырау облысында жаңа науқастардың саны азайды (124-тен 60-қа дейін).    

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 107,
  • Алматы қаласы - 81,
  • Шымкент қаласы – 6,
  • Ақмола облысы – 54,
  • Ақтөбе облысы – 5,
  • Алматы облысы – 61,
  • Атырау облысы – 60,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 48,
  • Жамбыл облысы – 15,
  • Батыс Қазақстан облысы – 43,
  • Қарағанды облысы – 40,
  • Қостанай облысы – 60,
  • Қызылорда облысы – 3,
  • Маңғыстау облысы – 11,
  • Павлодар облысы – 65,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 58,
  • Түркістан облысы – 9.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 153 925.

Жаңалықтар
0