Қоғам

Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео пайда болды

© Photo : Волейбольный клуб "Алматы"Волейболистка Сабина Алтынбекова
Волейболистка Сабина Алтынбекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде тараған видеоға қарағанда, той жақындары мен достарының арасында ғана өткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Желіде волейболшы Сабина Алтынбекова мен продюсер Саят Тостықбаев тойының видеосы пайда болды. 

Видеоға қарағанда, той жақындары мен достарының арасында ғана өткен.

Жас жұбайлар торт кесіп, Алтынбекова енесіне (болжам бойынша) дәм татуға ұсынады. Қонақтардың көңіл-күйі көтеріңкі, видео мен суретке түсіп жүр. Адам көп емес, мейрамхана ұжымы бетпердемен жұмыс істеген. Роликтен КВН ойыншысы, актер Дәурен Айдарқұловты да көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZ STARS (@kaz.stars)

Осы аптада Сабина Алтынбекова продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатын.
Бұған дейін жанкүйерлер волейболшы қыз Қуат Хамитовпен өзара қарым-қатынаста деп санаған. Өйткені, отандық телеарнаның біріне сұқбат берген спортшы Алтынбекованы ұнататынын, оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан. Кейінірек Сабина Алтынбекова "Найманды" өмірімде бір рет қана көрдім деп мәлімдеген.

ММА файтер Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны туралы жаңалыққа қатысты пікір білдірді.

Жаңалықтар
0