НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. ММА файтер Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны туралы жаңалыққа қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін "Найман" лақап атымен танымал спортшы Сабина Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көргісі келетінін жария еткен болатын.
"Ай, Сабина, Сабина, мен саған көз сала бастап ем, сен қашып кеттің. Құттықтауымды қабыл ал! Шын жүректен саған бақыт тілеймін! Сен керемет жансың. Ал біздің барлық қыздарымыз сендей сүйкімді әрі әдемі болсын. Сенің үлгілі әйел және жақсы ана бола алатыныңа сенемін! ", – деп құттықтады Хамитов өзінің Іnstagram желісінде.
Ал Сабинаның парақшасындағы жазылушылар оның неке туралы жазбасына "Найманды" меңзеп көптеген пікір қалдырды. Кейбіреулер ол өз мүмкіндігін жіберіп алды десе, енді бірі – спортшының мұндай "жауап" күтпегенін жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін жанкүйерлер волейболшы қыз Қуат Хамитовпен өзара қарым-қатынас жасайды деп санаған. Өйткені, отандық телеарнаның біріне сұқбат берген спортшы Алтынбекованы ұнататынын, оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан. Кейінірек Сабина Алтынбекова "Найманды" өмірімде бір рет қана көрдім деп мәлімдеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық спортшының күйеуі 32 жастағы продюсер Саят Тостықбаев болды. Желіде ол туралы ақпарат аз, тек оның қазақстандық "Круиз" комедиясының продюсері болғаны белгілі.
Оқи отырыңыз: Қарсыласының әрекетіне көңілі толмаған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады - видео