07:26 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Республика бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9%-ті құрайды, қазір "қызыл аймақта" тек Атырау облысы тұр

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.

Мамин республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін, күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,4%-ке өсіп отырғанын, еліміз бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9%-ті құрайтынын айтты.

Жұқпалы аурулар ауруханаларының 28 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 20 пайызында адамдар емделіп жатыр.

Маминнің айтуынша, қазір COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл аймақта", Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта", қалған өңірлердің барлығы "жасыл аймақта" тұр.

Тағы оқыңыз: Наурызда қазақстандықтарға жаппай отандық вакцина салына бастайды - Мамин

19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның аясында 3 мың ерікті азаматқа екпе егіліп жатыр.

2021 жылы наурыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданында жылына қуаты 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жететін биофармацевтикалық зауыт пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қарағанды қаласында ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Мамин Тоқаевқа инвестиция тарту, өңірлерді дамыту жобаларын жүзеге асыру, халықты жұмыспен қамту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де өзекті мәселелері жөнінде баяндады.

Тақырып бойынша

Тоқаев үш қала мен облыс әкімдерін Ақордаға жинады
Президент коронавирусқа қарсы вакцина қашан шығарыла бастайтынын айтты
Тоқаев пен Путин ресейлік вакцинаны өндіретін зауыт салуға келісті
Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып