НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирустан 7 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулік ішінде 690 адам коронавирусқа, 24 адам пневмонияға шалдықты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа деректер жарияланды
18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 242 адамның жағдайы ауыр;
- 35 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Жалпы, Қазақстанда пандемия басталғаннан бері 145 213 адам коронавирус жұқтырды, ал 1 тамыздан бастап 44 368 адам пневмонияға шалдықты.
Коронавирустан 2173, пневмониядан 468 адам қайтыс болды.