Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / MARK FELIXМедик держит за руку пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медик держит за руку пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда 25 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, 35 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирустан 7 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулік ішінде 690 адам коронавирусқа, 24 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа деректер жарияланды

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 242 адамның жағдайы ауыр;
  • 35 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Жалпы, Қазақстанда пандемия басталғаннан бері 145 213 адам коронавирус жұқтырды, ал 1 тамыздан бастап 44 368 адам пневмонияға шалдықты.

Коронавирустан 2173, пневмониядан 468 адам қайтыс болды.  

Жаңалықтар
0