Қоғам

ОСК сайлау алдында тұрғызылған биік дуалға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание Центральной избирательной комиссии РК
Здание Центральной избирательной комиссии РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғимаратты ОСК жалға алып отыр, оның жері де, ғимараттың өзі де біздің балансымызда тұрған жоқ, деп атап өтті Мұстафина

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы ғимараттың айналасында тұрғызылған биік дуалдың мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өздеріңізді биік дуалмен қоршап алдыңыздар. Біз көрдік, ресейлік басымдар да ОСК-ның биік дуалмен қоршалғанын жазды. Оны қандай ақшаға салды? Дәл осы сайлау науқанында не үшін керек? Бұған дейінгі сайлаулар кезінде ондай болған жоқ қой", - деп сұрады тілшілер бүгінгі онлайн брифингте.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, комиссия өзі отырған ғимаратты басқа ұйымдар сияқты жалға алып отыр.

"ОСК Бейбітшілік, 4 мекенжайынша орналасқан ғимаратты жалға алып отыр. Бұл біздің ғимаратымыз емес. Оның жері де, ғимараттың өзі де біздің балансымызда тұрған жоқ. Дуал ОСК-ның функционалына жатпайды", - деді Мұстафина.

Ал ОСК-ның тағы бір мүшесі Ерлан Дауылбаев қоршауды орнату жоспарлы жұмыс екенін жеткізді.

"Бұл – жоспарлы жұмыстар. Дуал ғана емес, терезелерді де ауыстырып жатыр. Бұл ғимарат біздің балансымызда емес. Сондықтан бұл өзгерістерге еш қатысымыз жоқ", - деп атап өтті Дауылбаев.

Оқи отырыңыз: Бүгін сайлауалды үгіт-насихат басталады 

Айта кетейік, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Бірыңғай электронды реестрде 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы саны 11 919 241 адамды құрап отыр. Бүгін кешкі сағат 18:00-ден кейін сайлауалды насихат басталады.

Жаңалықтар
0