Қоғам

Вице-министр коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер туралы айтты

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте Казахстана Вице-министр здравоохранения Казахстана Ажар Гиният
Вице-министр здравоохранения Казахстана Ажар Гиният - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туғаннан кейін бір апта ішінде анасымен байланыста болған 124 нәресте вирус жұқтырды, деп атап өтті Ажар Ғиният

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазір республикада 247 жүкті әйел стационарларда ем қабылдап жатыр. Құрсақ ішінде вирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, індет басталғалы 8 800 әйел жүктілік кезінде коронавирус жұқтырған.

"Қазір стационарларда 274 әйел емделіп жатыр. Қазақстанда құрсақ ішінде індетке шалдығу жағдайлары болған жоқ. Бірақ туғаннан кейін бір апта ішінде анасымен байланыста болған 124 нәресте вирус жұқтырды, ауру симптомсыз өтіп жатыр, біз оны оң диагноз арқылы ғана анықтадық", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспсөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде эпидемиологиялық жағдай ушыққанын мәлімдеді. Айтуынша, республикада өткен аймен салыстырғанда вирус жұқтыру көрсеткіші 3,7 есеге өскен. 5 облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді.

Жаңалықтар
0