Қоғам

Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті

© Photo : Aidos Ukibay/twitterПредседатель партии Nur Otan Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз
Председатель партии Nur Otan Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саяси кеңесте сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, кезектен тыс ХХ съездің күн тәртібі талқыланды және  партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Nur Otan-ның орталық аппаратында партия саяси кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданды, партияның жарғысы мен саяси доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды. Праймериздің 78 жеңімпазы енген мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX съезінің күн тәртібі бекітілді.

Сонымен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы қаралды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен "кері байланыстың" пәрменді тетігі болғанын атап өтті. 

"5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 миллион адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді", - деді Байбек саяси кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, партия депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді. 

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

Пандемияға қарамастан, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы онлайн форматта жалғасып, электронды түрде 339 мың өтініш қабылданған.

"Соңғы 5 жыл ішінде партиялық басты органдар түрлі мемлекеттік және партиялық органдарға 800-ден астам ұсыным әзірледі. Мәселен, партиялық бақылау комитетінің араласуымен 9,3 мың медицина қызметкеріне өтемақы төленді", – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жемқорлық жасағаны үшін 610 адам партиядан шығарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес "Jas Otan" жастар қанатымен бірлесіп жоғары оқу орындары мен колледждерді тексерді. Нәтижесінде 10 мыңнан астам студенттің жатақханалардағы өмір сүру жағдайы жақсарды. 

"Жастар – Отанға!" бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда 13 мыңнан астам жас буын жұмысқа тұрды. Жастар бастамаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын қаржыландыру 2,5 есе өсті.

"Партия қатарын тазарту" аясында жарғы мен этика кодексін сақтамай, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылды.

Nur Otan пандемияға қалай қарсы тұрды

Бауыржан Байбек "Nur Otan" партиясы қоғамдық-саяси ұйымдардың ішінен алғашқылардың бірі болып пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы тұрғанын айтты.

Мысалы, "Birgemiz" қоғамдық қоры 2,2 милионнан астам адамға, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне материалдық көмек көрсетті.

Сондай-ақ халықтың неғұрлым аз қорғалған топтарына жататын 100 мың отбасына 5 миллион медициналық маска тегін таратылды. 1 миллионнан астам адам 4,4 миллиард теңгеге бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнап 32 үй салынып, 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.

Партияның кезектен тыс ХХ съезі 2020 жылдың 25 қарашасында өтеді.

Жаңалықтар
0