Саясат

"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги партии "Ак жол" на избирательном участке
Флаги партии Ак жол на избирательном участке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Партиядан депутаттыққа 38 кандидат ұсынылды. Арасында партия көшбасшысы Азат Перуашев, президенттікке кандидат болған Дания Еспаева бар

АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. "Ақ жол" демократиялық партиясы 2021 жылы өтетін парламент сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін ұсынды.

"Ақ жол" партиясы атынан 38 кандидат ұсынылып отыр. 

Мәжіліс сайлауы

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. 2016 жылдың 20 наурызында сайланған мәжіліс депутаттарының өкілеті 2021 жылы наурызда аяқталады.

Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Партиялық тізімдерді тіркеу 10 қарашада басталып, 10 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Үгіт-насихат жұмыстары 10 желтоқсан сағат 18:01-де басталады.

Тоғызыншы қаңтар – тыныштық күні.

Сайлау қорытындылары сайлаудан кейін жеті күн ішінде шығарылады.

Қазақстанда 2020 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша алты саяси партия тіркелген:

  • Nur Otan партиясы;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстан халық партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Adal" саяси партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Оның ішінде парламенттің қазіргі шақырылымында Nur Otan мен коммунистер партиясы және "Ақ жол" партиясының өкілдері бар.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс сайлауы: Қазақстанның әскери бөлімдерінде сайлау учаскелері ашылады

Жаңалықтар
0