НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирустан қанша адам көз жұмғанын хабарлады.
Бір тәулікте коронавирус инфекциясынан 7 адам қайтыс болды, ковидтік пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.
Өткен тәулікте 682 адамда коронавирус диагнозы расталса, 268 адам пневмонияға шалдықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирус инфекциясынан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 468 бала бар. Стационарларда 2 991 науқас жатыр. 6 550 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді
Дәрігерлердің айтуынша, 227 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде 24-і хәл үстінде жатыр. 22 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жалпы 13 наурыздан бері 122 335 адамда коронавирус анықталды, 1 959 науқас қайтыс болды.
1 тамыздан бері 40 488 адам пневмонияға шалдықты, 421 адам көз жұмды.