НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 682 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысы науқастардың саны жағынан әлі де көш бастап тұр (230). Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусы 79 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында 74 адамнан табылды.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды
Қызылорда облысында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Түркістан облысында 2, Маңғыстау облысында 2 науқас инфекцияны жұқтырды.
Алматыда 35, Шымкентте алты науқас тіркелді.
Жалпы республика бойынша 122 335 адам ауырды, 110 835 науқас жазылып шықты, 1 899-ы қайтыс болды.