Қоғам

Алматыда қауіпті видео түсірген блогер ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция өкілдерінің айтуынша, құқық қорғаушылар өзін іздеп жүргенін біле тұра, ол жасырынуға тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Алматы қаласында метро мен автобустардың артына мінгесіп жүрген блогер ұсталды. Ол өз әрекетін видеоға түсіріп, желіге жүктеп отырған, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Метрополитендегі полиция басқармасының басшысы Тимур Өсекбаевтың айтуынша, құқық қорғаушылар тәртіп бұзушыны іздеп жүргенін ол білген. Соны біле тұра барынша жасырынуға тырысты. Алайда кеше полицейлер экстремал блогерді құрықтады.

"Жас жігіт ондай әрекетке желіде атын шығару үшін жасадым деп отыр. Тәртіп бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 560-бабы бойынша (теміржол көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) жауапқа тартылды", – дейді Өсекбаев.

Айта кетейік, 2 қарашада Youtube желісінде Алматыдағы метрода түсірілген қауіпті видео жарияланған болатын. Экстремал-блогер осы әрекетке қалай барғанын да жазып шыққан.  

"Алматы метросы жақсы күзетіледі. 9 станцияның әрбіреуінде 2 бақылаушы бар. Бірақ сол күні Алмалы станциясында бір ғана бақылаушы жүрген. Сондықтан менің әрекетімді ешкім байқамады. Ал Абай станциясына жеткенде есіктердің ашылғанын күттім. Сөйтіп ешкімге көрінбей, халықпен араласып кеттім", – деп жазды видео авторы. 

Метрополитен әкімшілігі таратқан мәліметке сәйкес, видео авторы "Алмалы" станциясында тіркеуішке секіргенде кезекші өзіне жүктелген міндеттерді орындап жүрген. Ол арғы бетіндегі платформадан жолаушыларды шығарып жатқанда, блогер осы сәтті пайдаланып, вагон сыртындағы тіркемеге мініп алған.

Оқи отырыңыз: Кездейсоқ атып жіберді: TikTok-қа видео түсіру кезінде блогер мерт болды

Жаңалықтар
0