Қоғам

Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде қарызға ақша алатындардың арасында қаржы жағынан сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңестіріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа заң жобасының нормасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Меніңше, осы норманың арқасында кредит алатындардың жағдай жақсарады. Мәселен, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп", - деді Дәленов мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде қарызға ақша алатындардың арасында қаржы жағынан сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы мүмкін. Ондайда азаматтар құқығы бұзылады. Соның салдарынан қаржылық тәуекелдер туындап жатады.  

"Енді, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Олар реттеледі. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Басшыларына және акционерлерге ұйымды жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Ал уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады", - деп атап көрсетті Дәленов. 

Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасы аясында микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, құжатта зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар.

Жаңалықтар
0