04:34 05 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (83)
2056 0 0

Заң жобасын қабылдаудың арқасында пандемияға байланысты шектеу шараларынан зардап шеккен салаларды дамытуға, сондай-ақ, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, құжат біраз мәселені қамтиды. Осыған байланысты 31 заңнамалық актіге, соның ішінде 14 кодекс пен 67 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Заң жобасында зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар.

"Әлеуметтік саясат бойынша азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген", - деді Дәленов мәжілістің жалпы отырсында.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасын қабылдаудың арқасында пандемияға байланысты шектеу шараларынан зардап шеккен салаларды дамытуға, сондай-ақ, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бұған дейін заң жобасы арнайы жұмыс тобында жан-жақты қаралған болатын. Оған қатысты 200-ден астам түзету түскен. Бұның барлығы жұмыс тобының отырыстарында қаралды. Депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді, құжат тағы екінші оқылымда қаралады. Осыдан кейін сенатқа жіберіледі. 

Айта кетейік, мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов өзінің әлеуметтік парақшасында осы заң жобасы қарашаның аяғына дейін сенатқа жіберілетінін жазған.

Заңның негізгі талаптары 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, заң жобасы аясында 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, қымбат тұратын емделудің ақысын төлеуге немесе жеке қаржылық компанияларға басқаруға беру құқығы ұсынылады.
Зейнетақы жинақтарын алатын санаттар да айқындалды. Олар: 

  • жұмыс істейтін, тиісті жаста зейнетақы жинақтары "жеткіліктілік шегінен" асатын азаматтар. Ондайда болашақ жұмыс кезеңі мен жүйелі түрде зейнетақы жарналарын төлеуді ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін ең төменгі зейнетақыдан аз болмайтын зейнетақы төлемдеріне жететін жинақ сомасы болуы керек;
  • сақтандыру компанияларымен ең төменгі зейнетақыдан аз болмайтын мөлшерде өмір бойғы аннуитеттік төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шартына отырған адамдар;
  • зейнеткерлікке шыққан азаматтар (соның ішінде күш құрылымдарының зейнеткерлері); Оларға БЖЗҚ-да қалған зейнетақы қаражатының 50%-ынан аспайтын сома беріледі. 

"Жеткіліктілік шегі" – ол белгілі бір жастағы салымшы үшін оның табысынан БЖЗҚ-ға алдағы 10% тұрақты зейнетақы жарналарын (ең төменгі жалақыдан аз емес) ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз болмайтын зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы. "Жеткіліктілік шегі" әйелдер мен ерлер үшін бірдей белгіленеді және әрбір жас үшін есептеледі. Бұл ретте ол қалыптасқан параметрлерге (кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері және т. б.) сүйене отырып, жаңа алушылар үшін қайта есептелетін болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жұбайының немесе жақын туыстардың (аталары/әжелері, ата-аналары, балалары, немерелері, аға-інілері/апа-сіңлілері) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалануға болады.  Отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге мүмкіндік бар. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бірнеше рет алуға болады. Бірақ заңда көрсетілген талаптар сақталуы шарт.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (83)

Тақырып бойынша

Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
"Қол жетпейтін дүние": қазақстандықтардың зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты пікірі
Зейнетақы жинағын қалай көбейтуге болады?
"Зейнетақы төлемін мәжбүрлі түрде алып қояды": депутат неден қауіптенетінін айтты
Депутат зейнетақы жинағын пайдалану туралы жаңа заңға қатысты жаңалықты жариялады
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы, Мәжіліс, заң
Загрузка...

Басты тақырып