Қоғам

"Бұл өтірік емес": Бүркіт "Боратқа" нағыз Қазақстанды көрсетпек

© Photo : әлеуметтік желіден алындыБүркіт пен Аиша үшінші сәбиін күтіп жүр
Бүркіт пен Аиша үшінші сәбиін күтіп жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23 қазанда бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды. Олар "Борат" фильмінің екінші бөлімін көрсетуге тыйым салуды талап етіп, петиция ұсынды

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Ел арасында Бүркіт ретінде танымал қазақстандық әнші Айбек Жансейітов атышулы кейіпкер Борат туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Сол себепті көрерменге "Супер агенттер" фильмін көрсете алмаймыз. Алайда біздің команда бір орнында тұрмайды. "Супер агенттер - 2" сериалына кірісеміз", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от B E R K U 🦅 (@berkut_aibekjan)

Бүркіттің айтуынша, бұл фильмде Боратты ұстау операциясы көрсетіледі.

"Бұл өтірік немесе вайн емес, бұл – нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Біз Боратты ұстағаннан кейін оған нағыз Қазақстанды көрсеткіміз келеді", - деп жазды Жансейітов.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінен кинотеатрларды ашуды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Жансейітов бірнеше фильм түсірген еді. Алайда карантинге байланысты кейінгі фильмі кинотеатрда көрсетілген жоқ.

Ал 23 қазанда бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат" фильмінің екінші бөлімі шығуына байланысты жиналды. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петиция ұсынды. Петицияға 50 адам қол қойған.

© Sputnik / Тимур БатыршинБір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды
Бұл өтірік емес: Бүркіт Боратқа нағыз Қазақстанды көрсетпек - Sputnik Қазақстан
Бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды

Біраз уақыт өткен соң АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер азаматтардың өз ойын бейбіт түрде білдіргенін қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Америка құрама штаттары үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, түсіруге немесе шығуына қатыспағанын мәлімдеді.

"Борат" фильмі

Еске сала кетсек, "журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар кеткенімен, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тауып, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильмді түсіргендерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімде де ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Борат тағы да АҚШ-қа барады. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейді.

Жаңалықтар
0