02:06 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4822 0 0

Жастар "Борат-2" фильмінің қазақстандық мәдениетті қорлайтынына, оны шығару мүлдем дұрыс емес екендігіне сенімді. Бұған дейін әлеуметтік желіде көптеген қазақстандық атышулы фильмге қатысты өз наразылығын білдірді

АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Бір топ жас АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат" фильмінің екінші бөлімі шыққан күні келді. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсыну үшін ғимаратқа кірді. 

Қазақстанның патриот жастарының өкілдері Американың дипломатиялық өкілдігінің ғимаратына фильмге қатысты наразылығын жеткізу мақсатында арнайы барды. Жастар фильмге қарсы петиция жазды.

Петиция против фильма Борат-2 от казахстанской молодежи, переданная генконсулу США
© Sputnik / Тимур Ниталиев
"Борат-2" фильміне наразылық танытқан жастар АҚШ-тың бас консулдығына барды

Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

"Көп адам жиналуы керек еді, бірақ пандемия кезінде бұған тыйым салынып отыр. Заң бар. Соған сәйкес, көп адам шоғырланбауы керек. "Намыс" клубынан Азамат Жолданбаев, Мақсат Мамадияров және бір топ жігіт келді. Біздің бар тілегіміз – осы фильмді заңды түрде тоқтату. Бұл фильмді көрсетуге болмайды. Күні кеше олар қазақтың намысын аяққа таптады. Сондықтан біз үйімізде отыра алмадық, бұл жерге өз наразылығымызды білдіру үшін келдік", - деді "Намыс" клубының жетекшісі Азамат Ғалымжанұлы.

Петицияға 50 адам қол қойды. Қол қойған тараптардың өкілдері бас консулға петицияны куәгерлер мен журналистердің көзінше ұсынғысы келетінін жеткізді. Консулдық қызметкерлері ішке тек бір адамды ғана шақыра алатынын жеткізгендіктен, Азамат Ғалымжанұлы өз әріптесімен бірге бас ғимаратқа кірді. Кейін олар қандай нәтижеге қол жеткізгендерін айтты.

"Дипломаттар біздің петициямызды қабылдады, пікірімізге құлақ асты, наразылығымызды түсінді. Олар құжатты қарау үшін бас консулға тапсыратынын айтты. Ең бастысы, олар бізді және көздеген мақсатымызды түсінді. Мақсатымыз - осы фильмнің біздің елде таралуына жол бермеу", - деді Ғалымжанұлы.

Оның айтуынша, өтінішті қарағаннан кейін консулдық қызметкерлері олармен байланысқа шығуға уәде берген.

"Борат-2" төңірегіндегі дау

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді.

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

Казахстанская молодежь пришла к генконсульству США с требованием запретить фильм Борат-2
© Sputnik / Тимур Батыршин
"Мақсатымыз - осы фильмнің біздің елде таралуына жол бермеу", - дейді консулдық алдында жиналған жастар

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі де атышулы "Борат" туралы өз ойымен бөлісті. Ол АҚШ-та Қазақстанды танытып жүрген дарынды азаматтар көп екенін атап өтті.

"Олар кез келген фильмнен гөрі ұзақ есте қалады", - деп түйіндеді өз сөзін Мозер.

"Борат" тарихы

Еске сала кетсек, "журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар кеткенімен, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тауып, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалайды. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен өздерінің ашу-ызасын білдіруде.

Тақырып бойынша

Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді
"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты
Шетелдіктер Астанада "Бораттың киімімен" суретке түсті
Саша Барон Коэн Астанада "Бораттың киімімен" суретке түскен туристерге араша түсті
Кілт сөздер:
наразылық, жастар, консул, АҚШ, фильм, Борат
Загрузка...

Басты тақырып