Қоғам

Мәжіліс сайлауы қалай өтеді – орталық комиссия тәртібін жариялады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуЗдание Центральной избирательной комиссии Казахстана
Здание Центральной избирательной комиссии Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу шараларын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Үміткерлерге қойылатын талаптар конституциялық заңда көрсетілген. Олар:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұру;
  • 25 жасқа толу;
  • бәсең сайлау құқығының болуы.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты

Ал партиялық тізімдерді тіркеу шаралары 10 қарашада басталып, 10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Құжаттардың тізбесі де заңмен бекітілген. Олар:

1. Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса, саяси партияның жоғары органы бекіткен партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

3. Партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

4. Кандидат пен оның зайыбының кірістері мен мүлкі туралы декларациялардың тапсырылғаны туралы кіріс органының анықтамасы;

5. Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

6. Партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;

Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек. Ал бұған дейінгі сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар – Nur Otan, Ақ жол мен Қазақстан коммунистері партиясы жарна төлемейді.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанда сайлауалды үгіт-насихат басталады.

"Осылайша, 10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:01-де сайлауалды үгіт-насихат басталады да, 2021 жылы 9 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Сол күн тыныштық күні болады. Ал 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет", – деді Петров.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

Жаңалықтар
0