08:14 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
596 0 0

Былтыр бейнетаспа жазып желіге таратқан академияның оқытушысы қызметінен қуылып, кейіннен академия бастығы, генерал-майор Жан Кенжетаев та орнын босатқан

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қарағандыдағы ішкі істер министрлігінің академиясында тағы да жанжал. Оқу орнының курсанттары топтасып төбелескені аздай, енді оқытушылары академия басшылығына қатысты арызданып жатыр. Президенттен бастап, жемқорлыққа қарсы агенттік пен ішкі істер министрінің атына жазылған хатта жемқорлық жайы жіпке тізіліпті, деп хабрлайды КТК арнасы.

Елордадан да арнайы комиссия дереу жетіп, академиядағы күмәнді істерді майшаммен қарауға кіріскен.

Қаладағы түнгі клубтың алдында бір топ адамның төбелесі. Мәліметтерге қарағанда, жаға жыртысқан түнгі клуб күзетшілері мен академияның 3-курсының курсанттары. Жұдырықтасқандарымен қоймай, пышақ жарақаттарын да алған көрінеді.

Түнгі клубтың қожайыны аталған іс бойынша тергеудің енді басталғанын айтады. Өзі төбелесті көрмеген, күзетшілер де оған қатысуы мүмкін емес дейді ол.

"Оқиға 26-сы күні болған. Екі аптадан кейін келіп жаңағы шаруа туралы жауап алып жатыр. Бір болжамы, мына жерде күзетшілермен төбелескен дейді. Күзетшілер жабылған дейді. Ондай болған жоқ. Менде күзет жоқ, бәрін алып тастағанмын. Клубты өзім қараймын. Курсанттар дейді, білмейсің ғой, кімнің кім екенін. Мына жақта кейде өздері төбелесіп жатады, жастар ғой енді, ішіп алады", – түнгі клуб қожайыны Еркебұлан Сүлейменов.

Оқиға 26-қыркүйекте болғанымен, академия басшылығы мұны жасырып келген. Ақпарат желіге тарған соң ғана сең қозғалғандай. Шұғыл түрде ішкі стер министрлігінен арнайы комиссия келген. Жергілікті полиция да тексерісті бастады. Ал академия басшылығы тексеру аяқталмайынша, жарытып ақпарат беруге құлықсыз.

"Таралған ақпарат бойынша өндірістік іс қозғалды. Қарағанды полиция департментінің жеке құрам бойынша инспекциясы тексеріс бастады. Министірліктен комиссия келді. Осыдан басқа айтарым жоқ. Тексеріс қорытындысын кейін хабарлаймыз", – академия бастығының орынбасары Юрий Колесников.

Ұжымның басшыға қатысты жоғарыға жазған үшбу хаты бұл академиядағы жалғыз проблема емес. Хатта 5 нысанға құрылыс және жөндеу жұмыстары бір ғана фирманың ұтып алғаны жазылған. Алайда қаражат толық аударылғанымен, жұмыстар аяқталмапты. Оның үстіне жаңа басшы мұғалімдерді қудалап, білікті мамандар жұмысын тастап кетіп жатқаны да айтылған.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды

Еске сала кетейік, былтыр бейнетаспа жазып желіге таратқан академияның оқытушысы, майор Асқар Тастайбеков қызметінен қуылған. Ізін ала академия бастығы, генерал-майор Жан Кенжетаев та орнын босатқан. Оның орнына отырған Ақынғали Дәрменов басшы қызметіне келген бір жарым жылдың ішінде осындай былықтың шеті қылаң берді. Енді мұның ақ-қарасын елордадан келген арнайы комиссия ажыратуы тиіс.

Тақырып бойынша

Далада үлкен дәретке отырған қарағандылық полицей жұмыстан қуылуы мүмкін
Теміртауда полицей қызметтік көлігімен ер адамды қағып өлтірді
Алматыда полицей жанып жатқан үйден зейнеткерді алып шықты
Денис Тен армандаған академия қайда ашылатыны белгілі болды
Елімізде 3 университет пен академия сатылады
Кілт сөздер:
академия, Қарағанды, Ішкі істер министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып