АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда түсірілген "братва" жайлы даулы видеороликтегі полицей ішкі істер органдарынан қуылды.
Тәртіптік комиссия Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбековты жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.
Қызметкер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекет жасады, деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде форма киген ер адам әріптестерін Жаңа жылмен қылмыс әлеміндегі жаргонмен құттықтап жатқаны жайлы видео таралған болатын.
Видео ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында түсірілген. Бірінші курс басшысы орынбасарының тікелей басшылары мен оқу орнының басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Полицейдің сөзі жұрттың наразылығын туғызды.
Қарағандылық полицей далада үлкен дәретке отырған
Естеріңізге сала кетейік, қазір елімізде ІІМ реформа жүргізіп жатыр. Полицейлер қайта аттестациядан өтіп, жаңа форма киеді.