Қоғам

Қостанайға қонбады: FlyArystan ұшағы Алматыға кері қайтты

© Photo : FlyArystanFlyArystan
FlyArystan - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. FlyArystan әуекомпаниясының KC7141 рейсі Алматыдан Қостанайға бағыт алған. Алайда, қонуға 22 минут қалғанда ұшақ кілт бұрылып, Алматыға кері қайтқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ көкке көтерілген соң, 1 сағат 43 минут өткенде әуе кемесінде ақау тіркелгені жөнінде хабарлама іске қосылған. Ал бұл кезде Қостанай әуежайына қонуға 22 минут қалған болатын. Соған қарамастан ұшқыш кері бұрылып, Алматыға оралды.

Техникалық регламенттер рейсті жалғастыруға мүмкіндік беретіндіктен, әуе компаниясының шешімімен ұшақ Алматыға қайтарылды. Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірген.

Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылды.

Оқи отырыңыз: Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсант сұқбат берді – видео

Қазіргі кезде ұшақтың ақауы қалыпқа келтіріп, одан әрі пайдалануға рұқсат етілді.

Жаңалықтар
0