Қоғам

Комиссия шешімі өзгерді: Атырауда дәрігерлер шағымынан соң өтемақы төленетін болды

© REUTERS / FRANCOIS LENOIRМедик поправляет защитный костюм, выходя из палаты в больнице с коронавирусом
Медик поправляет защитный костюм, выходя из палаты в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысында 1 105 медицина қызметкері коронавируспен ауырған болса, олардың 90 проценті өздеріне тиесілі өтемақыны алған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Атырау облысы аймақтық комиссиясының шешімімен Атырау қаласындағы коронавируспен ауырған №1 емхананың тағы 11 медицина қызметкеріне әлеуметтік төлем төленетін болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін аймақтық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан дәрігерлерге әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініштерді қараудан бас тартылғаны хабарланған. Ал медицина қызметкерлері мұндай шешімге қарсы шағымданған. Олардың айтуынша, емхана қызметкерлерінің көпшілігі қызметтік міндетін орындау барысында коронавируспен ауырған.

"Жалпы алғанда, облыстық комиссия қарауына №1 емхана әкімшілігі 33 медицина қызметкерінің құжатын ұсынды. Оның ішінде 10 өтініш мақұлданды. Денсаулық сақтау мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 10 қазандағы №129 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілгеннен кейін, комиссия мүшелері 23 адамның құжатын қайта қарады. 22 өтініш бойынша дәлелді бас тарту жасалып, тағы 1 құжат бойынша оң шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Атырау облысында барлығы 1 105 медицина қызметкері ауырған, оның 955-і аймақтық комиссияда қаралған. Инфекциялардың тек 67%-і расталған немесе 476 жағдай кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты. Қазіргі кезде өтемақыны медицина қызметкерлерінің 90%-і алды (476 адамның 427-сі), олар кәсіби қызметін атқару барысында инфекция жұқтырған.

Оқи отырыңыз: 2 млн теңге алады - дәрігерлерге өтемақы беру тәртібі өзгерді

Жаңалықтар
0