Қоғам

Бурабай жағажайлары карантинге жабылды

© Photo : Yelena SergiyenkoВолны бьются о галечный пляж озера в Щучинско-Боровской курортной зоне
Волны бьются о галечный пляж озера в Щучинско-Боровской курортной зоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шектеу өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған уақытқа дейін енгізіліп отыр. Ұлттық парк басшылығы әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінің жағажайлары жабылды.

"Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, "Бурабай" паркінің жағажайлары жабылды", - деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған уақытқа дейін енгізіліп отыр.

"Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағу керек", - деді парк әкімшілігі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап екі аптаға қатаң карантин енгізілді.

Жаңалықтар
0