НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінің жағажайлары жабылды.
"Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, "Бурабай" паркінің жағажайлары жабылды", - деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.
Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған уақытқа дейін енгізіліп отыр.
"Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағу керек", - деді парк әкімшілігі.
Еске сала кетсек, Қазақстанда мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап екі аптаға қатаң карантин енгізілді.