Қоғам

Тоқаев: көпбалалы аналардың проблемасын заңға сәйкес шешу қажет

© AP Photo / Shizuo KambayashiАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы аналардың проблемасы бүгін Нұр-Сұлтанда жұмыс тобының аясында қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешетінін айтты.  

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасылар - мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар? 

Тоқаев тwitter-аккаунтында өзінің тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездескенін хабарлады. Көтерілген мәселелер бүгін, 4 маусымда жұмыс тобының аясында қаралады.

"Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет", - деп жазды президент.

​Бұған дейін мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берген еді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев көпбалалы ата-аналардың ажырасуына тосқауыл қоюды тапсырды

Көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетіледі

Қазақстанда көпбалалы отбасылардың проблемасы Нұр-Сұлтанда бес қыз өртеніп кеткеннен соң көтерілді. Осы трагедиядан кейін үкімет көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды қайта қарап, жалға берілетін тұрғын үйді алуға жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер енгізді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің көлемі айтарлықтай артты.      

Жаңалықтар
0