НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешетінін айтты.
Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасылар - мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар?
Тоқаев тwitter-аккаунтында өзінің тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездескенін хабарлады. Көтерілген мәселелер бүгін, 4 маусымда жұмыс тобының аясында қаралады.
"Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет", - деп жазды президент.
Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 3 июня 2019 г.
Бұған дейін мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берген еді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев көпбалалы ата-аналардың ажырасуына тосқауыл қоюды тапсырды
Көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетіледі
Қазақстанда көпбалалы отбасылардың проблемасы Нұр-Сұлтанда бес қыз өртеніп кеткеннен соң көтерілді. Осы трагедиядан кейін үкімет көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды қайта қарап, жалға берілетін тұрғын үйді алуға жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер енгізді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің көлемі айтарлықтай артты.