Қоғам

Мәжіліс депутаты астаналық әйелдің ер адамға "айналып" кеткенін айтты   

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат жеке куәліктегі қателіктің салдарынан жасын, тіпті жынысын дәлелдеуге мәжбүр болған азаматтардың проблемасын қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Шәкір Хахазов жылдар бойы жеке сәйкестендіру нөмірінде кеткен қателіктің зардабын тартып жүрген қазақстандықтардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шәкір Хахазов депутаттық сауалмен әділет министрлігіне жүгінді. Мәжілісмен жеке куәліктегі ЖСН-де (ИИН) кеткен қателіктің салдарынан жылдар бойы өзінің жасын, тіпті жынысын дәлелдеуге мәжбүр болған азаматтардың проблемасын қозғады.

Банк карталары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мәжіліс депутаттары банк картасы бойынша комиссияны азайтуды сұрады
"Заңға сәйкес, ЖСН – бұл жеке тұлғаға бір рет және өмір бойына берілетін цифрлық код. Алайда қолданыстағы заңнамада ЖСН-де кеткен қателікті түзетуге мүмкіндік беретін бірде-бір норма қарастырылмаған", - деді Хахазов мәжілісте.

Оның айтуынша, осының салдарынан біраз адам зейнетақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, алимент ала алмай қиналып жүр. Кредит алу мен пәтерді сату да түйіні тарқамас проблемаға айналған. ЖСН-де жіберілген қателіктің зардабын тартып жүргендердің кейбірі, тіпті, азаматтығын ауыстырып, көрші елдерге қоныс аударуды да ойлап жүр екен.

Осы орайда депутат нақты мысалдар келтірді.

"Мәселен, жеке кәсіпкер Еркін Бектенбаев ЖСН-дегі қате цифр үшін өз бизнесін жабуға мәжбүр болды. Жеке куәлігінде 3 санының орнына 2 деп жазылған, яғни ЖСН оның туған күніне сәйкес келмейді. Осыған байланысты сатып алулар порталы оны сауда-саттық қатысушысы ретінде тіркемей жүр. Кәсіпкер бірнеше мәрте әділет органдарына ЖСН-ді өзгерту туралы өтінішпен жүгінген, бірақ ондағылар оған заңды күші жоқ қағаз берумен ғана шектелді", -дейді депутат.

Ал қарағандылық Наталья Шубичук 2018 жылы жоғалтып алған жеке куәлігін ауыстырамын деп, өзінің 143-те емес, 43 жаста екенін дәлелдей алмай жүрген көрінеді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 1972 жылғы Вадим Шафаростов осымен бес жыл бойы өзінің зейнеткер емес екенін дәлелдеп бағуда. Куәлігіндегі ЖСН оны 1952 жылы туған азамат ретінде көрсетеді.

Депутат во время пленарного заседания, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Уақыт келді" Депутат триллиондап ақша алып жатқан министрлікті сынады
"Орал қаласының тұрғыны Игорь Бакалкин былтыр күзде ЖСН-ді қайта қалпына келтіруге өтініш берген. Бірақ, түсініксіз бір себептермен ол 2010 жылы "өлгендер" тізіміне қосылған екен. Бір қызығы, құжат бойынша о дүниелік болса да, осы күнге дейін салық, зейнетақы жарнасы мен коммуналдық төлемдердің барлығын төлеп келген. Кейінірек, мұның бәрі салықтық ақпараттық жүйесінде кеткен қателік болғаны анықталды. Дегенмен, ол әлі де өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр", - дейді Хахазов.

Ал Нұр-Сұлтанның тағы бір тұрғыны Майра Мырзағали халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жіберген қателіктен ер адамға "айналған".

"Осыған байланысты әділет органдары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына азаматтардың өтінішімен ЖСН-ді түзетуге құқық беретін жеке заңға тәуелді акті қабылдау мәселесін қарауды, сондай-ақ, қызметтік тергеу жүргізу тәртібін бекітуді сұраймыз", - деді мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, ол әділет органдары мен "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтуді ұсынды.

Жаңалықтар
0