НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, қолма-қол төлем көлемі ұлғайғанымен, банктер карта бойынша комиссияны төмендетпей отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
" POS-терминалдар арқылы төлем жасау көлемі едәуір ұлғайса да, банктердің сауда ұйымдарынан өндіретін тарифі сол баяғы деңгейде қалып отыр. Орташа есеппен төлемнің жалпы сомасының 0,5-нен 2,5 процентіне дейін құрайды", - деді Еспаева.
Депутаттың айтуынша, бизнес заңы бойынша сату көлемі ұлғайып, бәсекелестік пайда болған кезде, қызмет құны төмендейді. Алайда, банк секторында бұл байқалмай отыр.
"Жоғары баға – қолма-қол төлемнің дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі. Әсіресе, бұл шағын бизнес өкілдерінің аяғына тұсау болып отыр", - деді ол.
"Егер комиссия төмендесе, сауда орындарының шығыны азайып, бағаның өсуін тежеуге болар еді", - деді депутат.
Осыған байланысты ол банк картасы бойынша комиссияны төмендету және Ұлттық банкке төлем операциялары үшін комиссияны реттеу мәселесін қарауды ұсынды.