Қоғам

"7-20-25": ипотека алғандар айына қанша төлеп жатқаны белгілі болды

Новоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарыз алушылардың басым бөлігі ай сайын 100 мың теңгеден төлеуде

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. "Баспана" ипотекалық ұйымы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың портретін жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компанияның басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков бағдарлама бойынша берілетін кредиттің орташа сомасы 11,7 миллион теңге екенін, ол 20 жылға қарызға берілетін атап өтті. Ал қарыз алушылардың орташа жасы – 30-35.

Проспект Республики в Астане - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
"7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алуға бес қадам
"Қарыз алушылардың ең көп бөлігі кредитке ай сайын 60-80 мың теңге төлейді. Бұл қарыз алушылардың жалпы санының 22%. Сондай-ақ олардың 21% 80-100 мың теңгеден төлейді. Жалпы 60%  қарыз алушының ай сайынғы төлемі 100 мың теңгеден аспайды", - деді ол сенаттағы отырыс кезінде.

Оның айтуынша, өтініш берушілердің табысына қойылатын талапты банктің өзі бекітеді.

"Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаға екінші деңгейлі 8 банк қатысып жатыр. Олар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді", - деді Қайрат Алтынбеков.

Төрағаның пікірінше, елімізде жаңадан салынып жатқан үйлердің аздығы – "7-20-25" бағдарламасының дамуын тежеп отырған негізгі фактор.

Қайрат Алтынбековтың айтуынша, биыл 16 мың пәтер салу керек.

"Өңірлердегі халық пәтер сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Аталған мәселені шешу үшін әкімдіктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің санына ұсынысты арттырды", - деді ол.

 

Жаңалықтар
0