Дерекқор

"7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алуға бес қадам

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуПроспект Республики в Астане
Проспект Республики в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарлама қатысушылары әкімдікке өтініш жазып, ұнаған пәтерді броньдай алады

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Енді "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынған пәтерді "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметіне сәйкес, мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған тұрғын үйді жергілікті әкімдіктер сатады.

Осы орайда аталған ипотекалық ұйымның мамандары қазақстандықтарға баспаналы болудың 5 оңай қадамын айтып, кеңес берді:

Бірінші қадам

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғын үй салынғаннан кейін жергілікті әкімдіктер бұл мәліметті халыққа жариялауы керек. Кейін "7-20-25" бағдарламасының  қатысушылары әкімдікке өтініш жазып, ұнаған пәтерді броньдауы шарт.

Сондай-ақ олар банктердің біріне барып, кредит алуға өтініш жазады, әрі барлық қажетті құжатты тапсырады. Тиісті құжаттарды банкке тапсырылғаны туралы мәліметті әкімдікке хабарлауы керек, қажет болған жағдайда броньды ұзартуы тиіс.

Қасымбек: екі бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі 60 мың теңге болады

 

Екінші қадам

Банк қарыз алушының барлық құжаттарын қарап шығады, "7-20-25" бағдарламасының талаптарына сәйкес келсе, ипотекалық кредит беруді мақұлдайды.

Егер қатысушыға ипотека алу мүмкіндігі берілсе, қарыз алушы банктен кепілдік хатын алып, әкімдікке береді. Әкімдік сатып алу-сату шартын дайындайды.

Назарбаев парламентте жалақы мен баспана мәселесін көтерді  

Үшінші қадам

Нотариус сатып алу-сату шартын куәландыруы тиіс. Бұдан кейін банктің шешімі және оның келісуі бойынша қарыз алушы бастапқы жарнаны не банкке, не әкімдіктің шотына төлейді. Қарыз алушы сатып алу-сату шартын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-та (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (egov.kz онлайн) тіркейді. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке тапсыру қажет.

Төртінші қадам

Өтініш беруші банкте: қарыз шартына, төлем жасау кестесіне, сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартына қол қояды. Қарыз алушы сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-та (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (egov.kz онлайн түрде) тіркейді. Сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шарты тіркелгеннен кейін банк қарыз сомасын әкімдікке аударады.

"7-20-25" бағдарламасы: 10 миллион теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болуы керек?

Бесінші қадам

Ең соңында азамат жаңа пәтердің кілтін алып, өз меншігіндегі баспанасына көшеді.

Жаңалықтар
0