АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Кембридж университетінің ғалымдары 14 мың адамға қатысты деректерді зерттеп, арық жандардың генетикалық тұрғыда сымбатты дене бітіміне бейім келетінін анықтады.
Барлық ғылыми іріктеменің ішінен адамдар дене массасының индексі төмен әрі денсаулығы мықты 1600 адамды таңдап алады. Осы жандардың 40 пайызы тамақты талғамай жей беретінен, бірақ артық салмақ қоспайтынын айтқан.
Зерттеудің екінші кезеңінде генетиктер арық адамдардың биологиялық деректерін жинап, саралау барысында бұл жандардың басым көпшілігінде зат алмасу процесін жеделдететін "арықтық гені" бар екенін анықтапты.
Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, зат алмасу процесінің жылдамдығына жауап беретін гендерді толығырақ зерттеу нәтижесінде семіздік проблемасын бір жолата шешудің жолын табуға болады. Бұл гендер жұмысының механизмін негізге алып зерттеушілер семіздікке қарсы дәрі жасап шығармақ. Алайда бұл дәрі көпшілікке танымал май кетіргіш препараттарға мүлдем ұқсамайтын болады.