Қоғам

Назарбаевқа айтар өтінішім бар – Омбы қазағы

© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненҚолөнер шебері Артықбай Смағұлов
Қолөнер шебері Артықбай Смағұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Омбыда тұратын қолөнер шебері Артықбай Смағұлов мүмкіндік болса, Қазақстан президентімен кездескім келеді дейді

АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Нұргүл Абай. Артықбай Смағұлов – қазақтың мәдениетін өзге ұлттарға таныстырып, насихаттап жүрген Омбы қазағы. Он саусағынан өнер тамған қандасымыздың қолөнер бұйымдары жергілікті қазақтардың ғана емес, шетелдіктердің де қызығушылығын тудырып отыр. Қандасымыз биыл Астанада өткен "Қасиетті қазақ елі" халықаралық өнер фестиваліне қатысып, қолөнер шеберлері сайысында үшінші орын иеленді. Бұл Омбы қазағының жеңіп алған алғашқы марапаты екен. Sputnik Қазақстан тілшісі қолөнер шеберін әңгімеге тартып, қазіргі кәсібі, Омбыдағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен алдағы жоспарлары туралы сұрады. 

Саусағынан бал тамған зергер ескі тәсілмен ұлттық әшекей бұйымдар жасайды - Sputnik Қазақстан
Саусағынан бал тамған зергер ескі тәсілмен ұлттық әшекей бұйымдар жасайды
"Қолөнерге бала кезден ғашықпын"

51 жастағы Артықбай Смағұлов Шымкентте дүниеге келген. Әкесі Омбы, ал анасы Қызылорданың қазағы екен. Алтыншы сыныпқа дейін отбасымен бірге Қызылордада тұрған. Қолөнерге деген махаббаты да дәл осы кезеңде оянады. 

"Қызылордада тұрған кезде, Пионерлер сарайындағы ағаш ою үйірмесіне қатысып жүрдім. Ұстазым Борис Қалназаров маған ағаштың бетіне ою-өрнек ойып салуды үйретті. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіне сол кезден бері ғашықпын", — деп сөзін бастады Артықбай аға. 

1979 жылы бала Артықбай отбасымен бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданына қоныс аударады. Алайда қолөнерге бет бұрған оқушы ұстазымен байланысын үзбеген. 

"Қазақстанның солтүстігіне көшкеннен кейін, ағаш ою өнерін тастаған жоқпын. Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісов, Дина Нұрпейісова сынды ұлы тұлғаларымыздың мүсінін ағаштан ойып жасап, Борис Қалназаровқа жолдайтын едім. Ал ол кісі менің жұмыстарымды Алматыдағы көрмеге жіберіп отырған. Бұл жайында кезінде газет-журнал бетінде де жазылды", — дейді балалық шағының қызықты кезеңін еске алған Омбы қазағы.

1984 жылы мектепті тәмамдаған соң, Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанады. Кейін Омбы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, сол жерге жұмысқа орналасып, тұрақтап қалады. Қазір Омбы мемлекеттік аграрлық университеті болып өзгерген оқу орнында зертхана меңгерушісі қызметін атқарады. 

© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненҚолөнер бұйымдары
Қолөнер бұйымдары - Sputnik Қазақстан
Қолөнер бұйымдары

"Омбыда 1988 жылдан бері тұрамын. Жолдасымның есімі Ақмарал, Омбы топырағында туып-өскен, екеуміз бірге оқыдық. Бір ұл, бір қызымыз бар. Екеуі де жоғары оқу орнын бітіріп, қазір жұмыс істейді", — деді ол. 

"Орыстар тақияға көп қызығады"

Артықбай ағаның ұлттық қолөнермен айналысып жүргеніне он жылдың жүзі болған. 

Киіз үй - Sputnik Қазақстан
Қоғам
XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер
"Осыдан он жыл бұрын Омбыда ұлттық нақыштағы кәдесый, ою-өрнекпен безендірілген төр көрпе, тақия дегендер атымен болмайтын. Сөйтіп, жарымыз екеуміз осы істі бастап көрейік деп, ақырындап кірістік. Алдымен төр көрпе тіге бастадық", — дейді қолөнер шебері. 

Сұраныс барын байқаған соң, ерлі-зайыпты бастаған ісін әрі қарай жалғастыруға бел буған. Қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген төр көрпе, тақия, түйе, жылқы пішініндегі кәдесыйларды айтпағанда, ағаштан түйін түйетін Артықбай аға сандық, дөңгелек үстел, орындықтарға дейін ойып жасайды екен. 

"Қолөнер бұйымдарына қазақтар ғана емес, өзге ұлт өкілдері де қатты қызығып, тапсырыс беріп жатады. Мәселен, орыстар оюлы тақияны көп сатып алады. Молдалар да сұрап жатады. Омбыда өтетін жәрмеңке, көрмелерден қалмай, қатысып жүреміз. Өзіміздің тұрақты клиенттеріміз бар, негізінен орыстар. Солар келіп, қазақ достарына, туысқандарына алып тұрады", — дейді қолөнерші. 

Смағұлов қолөнер бұйымдарын жергілікті қазақтардан гөрі орыстар көбірек алатынын жасырмады. Тіпті түріктер, ағылшындар, немістер мен қытайлар да қазақ мәдениетінің бір бөлшегін ақшаға сатып алып жатады.

"Біз, қазақ, тойшыл халықпыз. Бар жиған-тергенімізді той-томалаққа шашамыз. Сондықтан шығар, қазақтар кәдесый жағына онша емес", — дейді Артықбай аға. 

Омбы қазағының қолөнер бұйымдарына Қазақстаннан да тапсырыс түседі екен. 

"Омбы қазақтарының тұрмысы жаман емес"

30 жыл ғұмырын Омбы қаласында өткізген Артықбай аға бүгінгі өміріне шүкіршілік етеді. 

"Омбы қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жаман емес. Бұрынғы кезбен салыстырғанда, қазір бес уақыт намазын оқып, мешітке баратындар көбейді. Арақ-шарап ішетіндердің қарасы азайды. Той-томалаққа бара қалсаң, ішімдік ішетін қазақ көрмейсің", — деп әңгімесін жалғады қандасымыз. 

© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненҚолөнер бұйымдары
Қолөнер бұйымдары - Sputnik Қазақстан
1/3
Қолөнер бұйымдары
© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненҚолөнер бұйымдары
Қолөнер бұйымдары - Sputnik Қазақстан
2/3
Қолөнер бұйымдары
© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненҚолөнер бұйымдары
Қолөнер бұйымдары - Sputnik Қазақстан
3/3
Қолөнер бұйымдары
1/3
Қолөнер бұйымдары
2/3
Қолөнер бұйымдары
3/3
Қолөнер бұйымдары

Ол Омбы қазақтары отбасында ұл-қызының тәрбиесіне ерекше мән беретінін атап өтті. 

"Басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда, қазақ жастары үлкенге құрметпен қарап, сыйлап, үнемі амандасып жүреді", — дейді қолөнерші.

Айтуынша, Омбы қазақтарының негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. 

"Ауылда тұратын қазақтар мал ұстаса, қала тұрғындары зауыт-кәсіпорындарда еңбек етеді. Негізі Омбыда қазақтан шыққан мықты, табысты кәсіпкерлер аз, бірен-саран ғана. Көбі банкет-залдарын жалға беру ісімен айналысады", — дейді ол. 

"Жастарға қарағанда үлкендер жағы қазақша сөйлейді"

Моңғолия - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Моңғолиядағы қазақтар да алаңдап отыр – қандас ақын
Қандасымыздың айтуынша, Омбыда қазақ тілін насихаттау, қолданыс аясын кеңейту үшін біраз жұмыстар атқарылуда. Қалада жұмыс істейтін қазақ орталықтарында бүлдіршіндер домбыра тартуды үйреніп, ән-би үйірмелеріне қатысады. Тіпті кейбір мектептерде қазақ тілі пән ретінде енгізіліп жатыр екен. Бұған қоса, Омбының жергілікті қазақтары қазақ тілінде газет-журнал шығарып тұрады. 

"Қазақ тілі ұмытылыңқырап бара жатыр деп айтуға болмас, әрине. Дегенмен, 10-15 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, ана тілінде сөйлейтін жастар азайды. Көбіне үлкендер қазақша сөйлейді. Ал жастар қазақша түсінсе де, қоғамдық орындарда сөйлей қоймайды", — деп шындықты айтты Артықбай аға.

© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненКөрпе-жастық
Көрпе-жастық - Sputnik Қазақстан
Көрпе-жастық

Ол қыз-жігіттердің арасынан Қазақстанға оқуға барамын деп құлшынып отырған жастарды көрмедім дейді. Айтуынша, дені ағылшын тілін меңгеріп, Америка, Англияға кеткісі келеді. 

"Қазір бәрі ағылшын тілін оқиды, алда-жалда керек болып қалар деген үмітпен қытай тілін меңгереді. Өз басым Қазақстанға оқуға барамын деп таласып жатқан жастарды көрмедім. Мүмкін, арасында бірен-сараны бар шығар. Бірақ, насихат, жарнама аз болғандықтан, ешкім қызықпайды",- дейді қандасымыз.

© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненАғаш үстел мен орындықтар
Ағаш үстел мен орындықтар - Sputnik Қазақстан
Ағаш үстел мен орындықтар

Артықбай аға ұлы мен қызының Қазақстанға қоныс аударуына қарсы емес. 

"Барамын десе, барсын. Мүмкін біз де соңдарынан еріп, барып қалатын шығармыз", — дейді қолөнерші. 

Омбы қазақтары аралас некеге қалай қарайды?

Әртүрлі ұлт өкілдері аралас-құралас тұратын ортада аралас неке болмай тұрмайтыны анық. Десе де, отбасы құндылықтарын берік ұстанатын Омбы қазақтары, әсіресе, қариялар мұны құптай бермейді. Қандасымыздың пікірінше, аралас неке Омбыға қарағанда, Қазақстанда көп. 

"Дін, тіл басқа болғаннан кейін, қиыншылықтар болмай қоймайды. Үлкендер өмірден көрген-түйгендері бар, мұны өте жақсы біледі. Сондықтан әр ата-ана баласына аралас некенің салдарын түсіндіріп, дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруы керек", — деп санайды Смағұлов. 

Айтуынша, бір жылдары өзінің ұлы да орыс қызымен көңіл жарастырған. 

"Өз отбасымда осындай келеңсіз жағдай болды. Ұлым орыс қызымен көңіл қосып, біраз уақыт басымызды қатырғаны бар (күлді). Баламызға мұның дұрыс емес екенін түсіндіріп, Алладан тілеп, әйтеуір қазір бәрі ұмытылды", — дейді Артықбай аға. 

© Photo : Артықбай Смағұловтың жеке архивіненҚолөнер бұйымдары
Қолөнер бұйымдары - Sputnik Қазақстан
Қолөнер бұйымдары

"Назарбаевпен кездескім келеді"

Әңгіме соңында Омбы қазағы өзінің арманын жеткізді.

Бала кітап оқып отыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
9-сынып оқушысы: арманым – Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу

"Менің бір арманым бар еді. Егер мүмкіндік болса, Елбасымен кездескім келеді. Қолөнермен айналысып жатқанымызға он жылдай болды, бірақ әлі шеберханамыз жоқ. Мына әшекейленген бұйымдардың бәрін үйде істейміз. Бір орынды жалға алып, қажетті құрал-жабдық сатып алатындай, көрме залын ашуға демеушілік көмек болса",- дейді Артықбай аға.  

Кезінде хобби ретінде бастаған кәсібі қазір дөңгеленіп, отбасылық бизнеске айналып отыр. Қолөнершінің жоспарында жаңа жобалар да жоқ емес. Бірақ, қолдаудың жоқтығы қынжылтады, дейді ол. 

Қолөнершілер отбасы Қазақстан президентіне сыйлық та әзірлеп қойған.

"Алыс-жақын шет елдердегі қазақтардың басын біріктіріп, фестиваль өткізгені үшін Назарбаевқа алғыс айтамын. Ол кісіге арнайы қолдан жасаған түйеміз бар. Егер сәті түсіп, кездесіп жатсақ, сыйлық жағын ойластырамын ғой", — дейді қандасымыз.

Жаңалықтар
0